Александр Устюгов оркестрмен
Іс-шара туралы
Александр Устюгов оркестрмен бірге Владимир Высоцкийдің культті әндерінен жаңа дыбыстағы көптен күткен трибьют-альбомын ұсынады. Ал музыкамен қатар айтылатын жеке әңгімелер көрерменге өткеннің атмосферасына енуге, болашаққа қуанышпен көз тастауға мүмкіндік береді.
Жарқын әрі эмоцияға толы концерт Владимир Высоцкийдің шығармашылығын қадірлейтіндер үшін және, әрине, бәрі сүйетін әртіс — Александр Устюгов үшін ұмытылмас оқиғаға айналады.
Александр Устюгов — ресейлік театр және кино актері, оның еншісінде көптеген жарқын әрі маңызды жұмыстар бар. Сөзсіз талант пен кең актерлік диапазон Александрға мүлдем бөлек, бірақ бәрі сүйетін кейіпкерлерге айналуға мүмкіндік береді — Авдотья Смирнованың «Әкелер мен балалар» картинасындағы Евгений Базаров, кеңінен танымал «Ментовские войны» сериалындағы Роман Шилов.
Александрдың еншісінде жүзге жуық табысты рөл бар. 2015 жылы Александр Устюгов көптен армандаған арманын орындап, өзінің музыкалық ұжымының фронтмені атанды. Жыл сайын «Шансон года», «Звёзды Дорожного радио» және басқа да түрлі премияларға номинацияланады.
2023 жылы Александр Устюгов Владимир Высоцкийдің мерейтойлық концертіне тек ән орындаушы ретінде ғана емес, іс-шараның жүргізушісі ретінде де қатысты.